Сіз осындасыз:Басты бет»О центре

Орталық туралы

МІНДЕТІ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯСЫ

Жоғары білім жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында ұлттық және ЖОО-дары деңгейінде Қазақстан Республикасында Болон процесінің келісілген принциптерін тиісті және толық жүзеге асыруға көмектесу.

Қазіргі таңда жоғары білім ашық қоғамның тұрақты дамудың негізгі элементі болып табылады. Сондықтан, жоғары білімнің тиісті деңгейін қолдауда мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігі аса маңызды деп есептелінеді. Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігіне ену жағдайында Болон процесі идеялары, 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының негіздерінің бірі болады.

ҚР 2011-2020 жылдарға арналған ББДМБ-на сәйкес Қазақстан ЖБЕК-нің толыққанды мүшесі ретінде, Болон декларациясы принциптерін жүзеге асыру және қазақстандық жоғары білімді интернационалдандырудың аясын кеңейту бойынша жұмыстарды жалғастырады. Жоғарыда аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін жоғары білімнің институционалды және мазмұндық жаңғыртылуы, сонымен қатар оқытушылар мен ғалымдардың жоғары біліктіліктеріне қол жеткізу, қазақстандық білім беру қызметтерінің бәсекеге қабілеттілігін түбегейлі көтеру бойынша жүйелі шараларды одан әрі жүзеге асыру қажет.

Сапалы білімді дайындықтан өткен, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандардың көмегінсіз алу мүмкін емес. Сондықтан, жоғары білімнің озық жүйелерімен тәжірибе алмасу Қазақстан Республикасындағы жоғары білім сапасын ең жоғарғы деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.   
Осы ережелерге сәйкес «Болон процесі және академиялық ұтқырлық Орталығының» даму стратегиясы әзірленген.

БП және АҰО 2020 жылға дейінгі стратегиясы (PDF)

 

ПАЙЫМЫ

Болон орталығы және академиялық ұтқырлық орталығы – бұл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасының ЖБЕК және жоғары білімнің тағы да басқа кеңістігіні белсенді қатысуын қамтамасыз ететін ведомстволық бағынысты ұйымы.

ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

Қазақстан Болон Декларациясына 2010 жылы қол қойды. Осылайша, Қазақстан Болон процесінің 47-ші қатысушысы және еуропалық білім беру кеңістігінің толыққанды мүшесі болып танылған, алғашқы Орталық-Азиялық мемлекет болды.

Қазақстанның Болон процесіне қосылуы еуропалық білімге қол жеткізудің кеңеюін, дәрежелер мен біліктіліктерді кәсіптік тануды, кредиттерді қайтадан тапсыру жүйесін (ECTS)  және дипломға қосымшаны енгізуді, білім сапасын қамтамасыз ету бағасын, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлықты жүзеге асыруларын, сонымен қатар үздіксіз білімді жүзеге асыруды меңзейді.

Бұл жағдайларды ескере отырып, 2012 жылы 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шаралар Жоспарының 171 тармағына сәйкес, ведомстволық бағынысты ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық Орталығы ШЖҚ РМК құру қарастырылды.Орталық қызметі Болон процесінің негізгі ережелерін жүзеге асыруды әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз етуге бағытталған.

ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

Ғылымилығы және инновациялылығы – жаңа ғылыми жетістіктерді пайдалануға ұмтылыс, жаңа технологияларды, жаңа білімдерді және ақпаратты қолдануға тұрақты дайындық.

Жүйелілігі және тұтастығы – БП міндетті, ұсынбалы және факультативті параметрлерді, сонымен қатар қазақстандық жоғары білімнің мазмұнын жаңғырта отырып бірегейлікте құралдар мен механизмдерді кешенді жүзеге асыруды меңзейтін динамикалық және тұтас жүйе ретінде қарастыру.

Үздіксіздік – Оқыту нәтижелеріне негізделген бүкіл өмір бойына үздіксіз білім алуды қамтамасыз ету.

Әртараптандырылу – Қазақстанның жоғары мектебінің бәсекеге қабілеттілігінің артуына және сапасының жақсаруына бағытталған, білім беру қызметтерінің жаңа түрлерін меңгеру және атаулары санын арттыру.

Транспаренттілік – БП мәнмәтінінде Қазақстанның жоғары білімін жаңғырту туралы ақпараттың толықтай ашықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету
Автономдылық және академиялық еркіндік – білім берудің әрбір субъектісінің жеке жауапкершілігіне және демократиялық приницптерге негізделген шешімдерді қабылдаудың және басқарудың дербестігі және алқалығы.

Жоғары білімнің интернационалдандырылуы – халықаралық әріптестіктің және ұтқырлықтың ауқымының кеңеюімен шартталған, жоғары білімнің қол жетімділігімен, әмбебаптануымен, инновациялануымен сипатталатын білім беру саясатының маңызды құрамдас бөлігі.

Легитимділік – Барлық құқықтық нормаларды қатаң сақтау жағдайында, БО және АҰ орталығы қызметін жүзеге асыру

ҚР Білім және ғылым министрі

ministr obrazovania
Сағадиев Ерлан Кенжеғалиұлы
(Министрдің баяндамасы)
akorda min obrazov

2050 kz100 shagov kzfin center

Біздің серіктестер

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 12
  • 11
  • 13
  • 14
© 2017 ҚР Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы. Барлық құқық қорғалған. https://arctika.kz
010000, ҚР, Астана қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр көш.,28, 4-ші кеңсе, 3-ші кіреберіс; Тел.:+7 (7172) 28-75-21; Факс: +7 (7172) 28-75-30

Please publish modules in offcanvas position.