Сіз осындасыз:Басты бет»Документация

Болон процесі құжаттары

Коммюнике және декларациялар:

1. Сорбон  декларациясы 1998
Сорбон декларациясына 1998 жылы төрт елдің министрлері қол қойған, атап айтсақ Франция, Ұлыбритания, Германия және Италия. Декларация мақсаты, ұтқырлықты студенттер мен түлектер үшін, сонымен қатар қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру үшін  көтермелеу қажет болатын Жоғары білімнің еуропалық кеңістігін стандарттау бойынша жалпы ережелерді жасау болып табылады. Бұдан бөлек, ол біліктіліктердің еңбек нарығындағы заманауи талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуі тиіс болатын.

Сорбонна 1998 жылдың 25 мамыры (жүктеуге арналған сілтеме)

2. Болон  конференциясы – 1999 ж.
Болон процесі – бұл 1999 жылы Болонья қаласында Болон декларациясына қол қойғаннан бастау алатын, Еуропадағы жоғары білімнің құрылымдық бүкіл тарихындағы ең терең және ауқымды реформациясы болып табылады, ал реформаларды жүзеге асыру әрбір екі жыл сайын өткізілетін жоғары білім үшін жауапты министрлер конференциясы коммюникесіне сәйкес жүргізіледі.

Болон конференциясында Еуропалық білім министрлерінің бірлескен мәлімдемесіне қол қойылды және Болон декларациясында белгіленген дамудың негізгі жолдары айқындалды. Болон Декларациясы – бұл Болонья қаласында 29 еуропалық мемлекеттің білім министрлері қол қойған, жоғары білім саласындағы халықаралық әріптестік туралы декларация.

Болон Декларациясымен қарастырылады:

  • Айқын, ашық және салыстырмалы дәрежелері жүйесін дипломдарға қосымша беру арқылы пайдалану
  • Жоғары білімнің үш сатылы жүйесін енгізу
  • Кредиттер жүйесін ұтқырлықты арттыру құралы ретінде қабылдау
  • Студенттер мен оқытушылардың еркін ауысуы үшін ұтқырлықты ынталандыру
  • Сапаны бақылау саласында, салыстырмалы өлшемдер мен әдіснамаларды жасап шығару мақсатында, еуропалық әріптестікті дамыту
  • Жоғары білімде еуропалық өлшемді күшейту.

Болонья 1999 жылы 18-19 шілдесі (жүктеуге арналған сілтеме)

3. Прага коммюникесі -2001 ж.
Прага конференциясында (2001 ж.) Болон декларациясында белгіленген Болон процесі дамуының алты негізгі бағыттарымен (салыстырмалы біліктіліктер және оларды тану, екі сатылы жүйеге өту, ECTS-ті енгізу, ұтқырлық, сапаны қамтамасыз ету, жоғары білімдегі еуропалық өлшемді күшейту) бірге әріптестіктің басқа да жаңа бағыттары қарастырылды:

  • Бүкіл өмір бойына оқу
  • Студенттерді белсенді және тең құқылы әріптестер ретінде Болон процесінің барлық кезеңдерінде қосу
  • Жоғары білімнің әлеуметтік аспектілерін есепке алу
  • Трансұлттық білім берудің жаңа келешегі және әртүрлі бағдарлар дәрежелерінің бірлескен бағдарламаларын жүзеге асыру
  • Аккредитация – сапаны қамтамасыз етудің дәлме-дәл механизмдерінің үздіксіз жұмысын жолға қою

Прага, 2001 жылдың 18-19 мамыры (жүктеуге арналған сілтеме)

4. Берлин коммюникесі – 2003 ж.
Берлин конференциясы (2003 ж.) бар күшін Еуропалық зерттеу кеңістігін құруға және оның Болон процесі дамуының жаңа желісі ретінде Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігімен (ЖБЕК) өзара қарым-қатынасына бағыттауды шешті. Бірінші және екінші циклдер дәрежелерінің әртүрлі бағыттар мен бағдарлары болуына баса мән берілді. Ұтқырлық аясын кеңейту және жоғары білім туралы құжаттарды тануды жеңілдету мақсатында 2005 ж. бастап Еуропалық ЖОО-дары түлектеріне дипломға Қосымша беру мақсаты алға қойылды.

Берлин коммюникесімен қарастырылады:

  • ЖОО-дары жауапкершіліктері дәрежелерін анықтау
  • Бағдарламалар немесе оқу орындарын бағалау, сыртқы сараптама, студенттердің шараларға қатысуы және нәтижелерді жариялау
  • Аккредиттеу жүйесінің немесе соған ұқсас шаралардың болуы
  • Халықаралық әріптестік, серіктестік және желілерге қатысу
  • Дәрежелер құрылымы: екі циклға негізделген жүйелерді қабылдау
  • Кредиттер жүйесін енгізу
  • Дәрежелерді тану
  • Студенттер: жоғары білімді басқаруда тең дәрежелі әріптестер болып табылатын, студенттерді тұрақты түрде тартудың қажеттілігін арттыру
  • Жоғары білімнің Еуропалық өлшемін дамыту
  • Бүкіл өмір бойына оқу
  • ЖБЕК-нің тартымдылығын арттыру
  • Болон процесі барысына мониторинг жасауды (бақылау тобы) енгізу

Берлин 2003 жылдың 18-19 қыркүйегі (жүктеуге арналған сілтеме)

5. Берген  коммюникесі – 2005 ж.
Берген конференциясында (2005 ж.) үш цикл (оның ішінде, ұлттық мәнмәтіндерде аралық біліктіліктерге рұқсат беріледі) құзіреттер және оқыту нәтижелері негізінде әрбір циклға арналған әмбебап дескрипторлар, сонымен қатар бірінші және екінші циклдарға арналған сынақ бірліктері диапазонынан тұратын Тегіс қамтитын ЖБЕК-не арналған біліктіліктердің құрылымы қабылданды. 2010 ж. таман Тегіс қамтитын ЖБЕК-не арналған біліктіліктердің құрылымымен сәйкестенетін ұлттық біліктіліктер құрылымдарын жасау міндеттемесі қабылданды. Бергенде ұлттық сараптама негізінде сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің Еуропалық регистрі идеясы қолдау тапты. Жоғары білім жүйесіндегі әлеуметтік өлшем проблемаларына назар аударылды: жоғары білімге қол жеткізу аясын кеңейту, студенттерді оқыту үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету, оларға үкімет және ЖОО-дары тарапынан көмек жасау.

Берген конференциясымен қарастырылады:

  • Бакалавриат – магистратура – Ph.D – үш циклдік академиялық дәрежелер құрылымы енгізілді.
  • Сапаны ЖОО-дарының ішкі механизмдерін жүйелі түрде енгізу арқылы қамтамасыз ету
  • ЖБЕК-де сапаны қамтамасыз етудің стандарттары мен жетекші принциптерін қабылдау
  • Ұлттық сараптама негізінде сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің Еуропалық регистрі идеясы қолдау
  • Дәрежелер мен оқыту кезеңдерін тану, бірлескен дәрежелерді тану
  • Нәтижеге бағытталған тәсіл негізінде доктор деңгейі біліктілігін ЖБЕК-нің тегіс қамтитын біліктіліктер құрылымымен үйлестіру
  • Студенттердің ұтқырлығына жәрдемдесу

Берген 2005 жылдың 19-20 мамыры (жүктеуге арналған сілтеме)

6. Лондон коммюникесі – 2007 ж.
Лондон конференциясында (2007 ж.) ЖБЕК-гін құру жолында алға басу орын алды. Бұл жердегі маңызды жетістік оқытушының студентке дәлденген жоғары білімге бағытталған оқытуға өтуі болып табылады. Болон процесін дамытудың негізгі бағыттары бойынша қорытындылар шығарылды және 2009 жылға арналған басым бағыттар белгіленді: ұтқырлық, әлеуметтік өлшем, жұмыспен қамтушылық, ЖБЕК стратегиясын жаһандық мәнмәтінде жүзеге асыру.

Левен /Лувен-ла-Неведегі (2008 ж.) министрлер кеңесі қарсаңында Еуропалық университеттер Қауымдастығы Болон процесі дамуына қатысты өзінің саяси ұстанымын көрсетті және 2010 жылдан кейінгі кезеңге арналған негізгі мақсаттарын белгіледі:

  • Жоғары білімге негізделген зерттеулердің еуропалық ауқымды базасын нығайту
  • Жоғары білім мен ғылыми зерттеулер арасындағы байланыс Еуропалық жоғары білім белгісі ретінде.
  • Неғұрлым көп адамдарға көбірек білімді қамтамасыз ету
  • Университеттердің қоғам алдындағы жауапкершіліктерін жаңаша түсіну
  • Жаһандық мәселелермен күресуге дайындық

Лондон 2007 жылдың 17-18 мамыры (жүктеуге арналған сілтеме)

7. Лёвен коммюникесі - 2009 ж.
Жоғары білімге жауапты министрлер қорытынды шығара отырып Левен / Лувен-ла-Неведегі ( 2009 ж.) конференцияда: «Соңғы он жылда біз Еуропаның зияткерлік, ғылыми және мәдени мұрасында және ұмтылуында мықтап орын алатынына қол жеткізуге тырыса отырып, Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігін қалыптастырдық» - деді.

  • 2020 ж. дейінгі еуропалық жоғары білімді дамытудың басым бағыттары болып:
  • жоғары білімге қол жеткізуде тең құқылыққа қол жеткізу
  • бүкіл өмір бойына білім алу
  • түлектерді жұмысқа орналастыру
  • студентке дәлденген оқыту
  • жоғары білімнің зерттеулермен және инновациялармен байланысы
  • еуропалық жоғары білімнің халықаралық ашықтығы
  • студенттер мен ғалымдардың ұтқырлығын кеңейту
  • ақпаратты жинақтау және оның ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қаржыландыруды жақсарту және жаңа дерекнамаларды іздеу
  • Болон процесін басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын жетілдіру танылды.

Конференция барысында алға қойылған мақсаттарға толық жауап беретін, Үкіметтер мен академиялық қауымдастық арасындағы әріптестікке негізделген, Болон процесінің қолданыстағы ұйымдастырушылық құрылымы танылды. Сонымен қатар, болашақта Болон процесін ЕуроОдақта төрағалық ететін елмен бірге ЕО-қа кірмейтін елдің басқаратыны жөнінде шешім қабылданды.

Левен/Лувен-ла-Нев 2009 жылдың 28-29 сәуірі (жүктеуге арналған сілтеме)

8. Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігін құру туралы Будапешт-Вена декларациясы (Будапешт-Вена, 2010 ж. 11-12 наурызы)
Аталмыш декларация Болон процесінің он жылдығына арналған мерейтойлық конференцияда қабылданды. Осыған орай, Жоғары білімге арналған жалпы Еуропалық шеңберге қатысты Болон декларациясында белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді білдіретін, Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігі ресми іске қосылды. Бірақ, Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігінің жұмыс істеуі, өздігінен, Болон процесіне қатысушы министрлер бекіткен барлық мақсаттарға қол жетті дегенді білдірмейді. Осылай, Болон процесі және Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігі бірегей кеңістікке бірігу және шоғырлану – жаңа кезеңіне аяқ басты деп айта аламыз, ал бұл Болон процесінің Еуропадағы енгізілуіне қатысты әртүрлі қарсы әрекеттерге байланысты аса маңызды болып табылады.

Будапешт-Вена 2010 жылдың 10-12 наурызы (жүктеуге арналған сілтеме)

9. Бухарест коммюникесі – 2012 жыл
Бухарест Конференциясында жоғары білім үшін жауапты министрлер экономикалық дағдарыс жағдайында басты назарды үш негізгі мақсатқа аударуды жөн деп тапты:
Жоғары білім сапасын студенттердің неғұрлыым көп бөлігі, оқушылардың еңбек машықтарына неғұрлым жақсы дайындалуы үшін қамтамасыз етуді; студенттердің ұтқырлығын арттыруды. Ұтқырлықты арттыруға арналған жаңа еуропалық стрнатегияны 47 ел, 2020 жылы Еуропадағы түлектердің жоқ дегенде 20 пайызы шет елде оқуы немесе машықтанудан өтуі тиіс деген мақсатпен қабылдады.

Сонымен қатар, Конференция шеңберінде Болон процесі саясатының: «Болон процесі шегінен тыс: Жоғары білімнің ұлттық, аймақтық және жаһандық салаларын құру және біріктіру» атты үшінші Форумы болып өтті.

Бухарест 2012 жылдың 25-26 сәуірі (жүктеуге арналған сілтеме)

10. Ереван коммюникесі – 2015 жыл
erevanskoe kommuniti14-15 мамырда Ереван қ. (Армения) ЖБЕК білім министрлері конференциясы және IV Болон саяси форумы болып өтті.
ЖБЕК қатысушы елдердің білім министрлері Беларусьты Болон процесіне 48 мүше-ел ретінде қабылдауға келісімдерін берді. Сонымен қатар, Болон процесі секретариатын, 2018 жылы ЖБЕК министрлерінің келесі конференциясы өтетін, Францияның басқаратыны жарияланды.

Кездесу Ереван коммюникесінің және IV Болон саяси форумының Мәлімдемесінің қабылдануымен аяқталды.
Елдер сапаны арттырудың және оқыту мен оқудың арасындағы өзара байланысты жақсартудың қажеттілігіне, түлектердің олардың бүкіл еңбек өмірлері бойындағы жұмысқа орналасуларына көмектесуге, білім жүйесінің неғұрлым инклюзивті жүйесін қалыптастыруға, келісілген құрылымдық реформаларды орындауға келісім жасады.
Болон саяси форумы мәлімдемесі шеңберінде қатысушылар ұлттық біліктілік шеңберлерін дамыту, сапаны қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық, біліктіліктерді өзара тануды арттыру, қайтадан қарастырылған ECTS пайдаланушылары Нұсқаулығын ескере отырып, кредиттік-трансферттік жүйені жүзеге асырудағы және әзірлеудегі ынтымақтастық туралы келісімдерге келді.

Ереван 2015 жылдың 14-15 мамыры  (жүктеуге арналған сілтеме)

Біздің серіктестер

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 12
  • 11
  • 13
  • 14
© 2017 ҚР Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы. Барлық құқық қорғалған. https://arctika.kz
010000, ҚР, Астана қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр көш.,28, 4-ші кеңсе, 3-ші кіреберіс; Тел.:+7 (7172) 28-75-21; Факс: +7 (7172) 28-75-30

Please publish modules in offcanvas position.