BFUG Секретариаты

Болон процесі бойынша Бақылау Тобы
BolognaFollow-up Group (BFUG)

Берлин коммюникесінің барлық тармақтарын орындау, Болон процесін жалпы басқару және Болон Процесі бойынша Бақылау Тобы (BFUG) министрлерінің кездесуін жалпы басқаруды жүзеге асыру.  

Болон Процесі бойынша Бақылау Тобы (BFUG) Болон процесіне қатысушы елдердің барлығының өкілдерінен және Еуропалық Комиссия кеңесу органдарынан тұрады: Еуропалық Кеңестен, EUA (Еуропалық Университеттер Қауымдастығынан), EURASHE ( ЖОО-дарының Еуропалық Қауымдастығынан), ESIB (Еуропалық Студенттер Одағынан) және UNESCO/CEPES (ЮНЕСКО жоғары білімнің Еуропалық Орталығынан). Бақылау тобы екі жылда бір рет кеңес өткізеді. Оның төрағасы Еуропалық Одақтың Президенті, ал вице-төрағалары – келесі министрлер кездесуіөтетін елдің өкілі.

ЕО Президенті және келесі министрлер кездесуі өтетін ел өкілі басқаратын кеңес, Бақылау топтары кездесулері арасында жұмысты бақылап отырады. Топтың барлық техникалық жұмыстарын келесі министрлер кездесуін қабылдайтын мемлекет аумағында орналасатын Серетариат орындайды. Болон секретариаты – бұл екі жылда бір рет өтетін халықаралық министрлер Конференциясына дайындалу үшін құрылған уақытша ұйымдастырушылық құрылым. Осылай, 2001-2003 жылдары бірінші секретариат Германияда орналасып Берлин Конференциясын дайындады, ал 2003-2005 жылы екінші серетариат Норвегияда орналасты және Берген Конференциясына дайындалды. Үшінші секретариат Ұлыбританияда орналасып Лондон Конференциясына дайындалды. Төртінші секретариат Бельгияда болып Левен-ля-Ньов Конференциясына дайындалды. Бесінші серетариат Румынияда орналасты және 2012 ж. 27-28 сәуірдегі (Бухарест) Болон процесіне қатысушы мемлекеттердің білім министрлерінің Конференциясын дайындады. 2012 жылдың 1 шілдесінен 2015 жылдың 30 маусымына дейін Болон процесі секретариаты қызметін 2015 жылғы министрлердің келесі Конференциясының ұйымдастырушысы болатын Армения атқарады.

Армения Секретариаты Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігіне тек BFUG және оның тең төрағалары және төрағаның орынбасары билігі астына бірігуіне арналған кәсіби және бейтарап қолдауды қамтамасыз ететін, сегіз тұрақты мүшелерден тұрады.
BFUG Секретариатының негізгі міндеті BFUG жұмысын оның барлық құрылымдары шеңберінде қолдау болып табылады.    

Секретариат сонымен қатар Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігі ресми құжаттарын әзірлеуде маңызды рөл атқарады және талқылауларға арналған анықтамалық құжаттарды ұсынады.

Cекретариат шақыртуларды таратады, күн тәртібін жариялайды, BFUG мәжілістеріне, Кеңеске және жұмыс топтарына арналған тиісті құжаттарды дайындайды. Төрағалардың келісімімен Секретариат қатысушыларға мәжілістерге қатысты практикалық ақпаратты ұсынады. Мәжілістер барысында қарсы алушы тараппен бірге шараны ұйымдастыру бойынша жауапкершілік ала алады. Секретариат BFUG мәжілістері, Кеңеске және жұмыс топтары хаттамаларының жобаларын  дайындайды және оларды түсініктеме алу үшін және келесі мәжілісте қабылдау үшін таратады.

Секретариаттың басқа да маңызды қызметі Болон процесі және Жоғары білімнің Еуропалық кеңістігі (еуропалық және еуропалық емес аудитория үшін) туралы шынайы ақпаратты уақытылы ұсыну, ЖБЕК-нің электронды мұрағатын қолдау болып табылады.

Болон процесіндегі төрағалық әрбір алты ай бойы алмасып отыратындықтан, Секретариат келесі министрлер мәжілістері арасындағы BFUG жұмыс жоспарын жүзеге асырудың үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Секретариат өз қызметтерін BFUG-мен тығыз байланыста BFUG ұсынған мандат негізінде ресми өкілдері (төрағалар, төрағалардың орынбасарлары, жұмыс топтары төрағалары) арқылы атқарады.

Біздің серіктестер

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 12
  • 11
  • 13
  • 14
© 2017 ҚР Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы. Барлық құқық қорғалған. https://arctika.kz
010000, ҚР, Астана қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр көш.,28, 4-ші кеңсе, 3-ші кіреберіс; Тел.:+7 (7172) 28-75-21; Факс: +7 (7172) 28-75-30

Please publish modules in offcanvas position.