Кеңес жұмысына өзбек және қырғыз жоғары оқу орындарының өкілдері де шақырылып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Отырыс барысында Орталық қазақстандық ЖОО-да шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарды оқытуды көздейтін және мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларымен таныстырды. Стипендиялар бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламалары бойынша толық оқу кезеңіне немесе бір оқу жылына немесе бір академиялық кезеңге беріледі.

Сонымен қатар өзбек және қырғыз жоғары оқу орындарының өкілдерімен білім алушылармен академиялық алмасуды дамыту бойынша келіссөздер жүргізілді.

ҚР «Білім туралы» Заңының 21 және 22 баптарын іске асыру мақсатында 2019 жылы Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының тізілімі жасалатын болады.

Қазақстандық ЖОО берген мәліметтерге сәйкес ТІЗІЛІМГЕ енетін жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларының тізбесі құрастырылды.

Тізбе ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының сайтында (http://enic-kazakhstan.kz/ru/realiz-bp/reestr-obrazovatelnykh-programm) орналасқан.

Қазақстанның жоғары мектебі дамуының негізгі сұрақтары он-лайн форматында өткізілді.

Жоғары оқу орындарын басқаруға шетелдік топ-менеджерлерді тарту тәжірибесі 2016 жылы бастау алған болатын. Жалпы алғанда үш жыл ішінде қазақстандық ЖОО-ларға 84 шетелдік маман тартылды

2018 жылдың 2 қарашасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы «ЕЖББК мемлекеттерінің білім министрлерінің Париж конференциясының қорытындылары: қазақстандық жоғары оқу орындарының институционалды дамуы - 2020 жылға дейінгі көзқарас» тақырыбында семинар өткізді.

Бұл іс-шараның мақсаты 2018 жылдың мамыр айында Болон процесіне қатысушы елдер білім министрлері қабылдаған Париж коммюникесінің негізгі аспектілерін академиялық қауымдастық өкілдерімен талқылау болып табылады.

Сапаны қамтамасыз ету Стандарттары және Басшылық принциптеріне сәйкес жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету – Болон процесінің негізгі аспектілерінің бірі болып табылады. Университеттер ұсынатын білім беру қызметтерінің сапасын арттырудың маңыздылығы 2018 жылдың мамыр айында қабылданған Париж коммюникесінде баса айтылған.

logo

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ЕЖББК мемлекеттерінің білім министрлерінің Париж конференциясының қорытындылары: қазақстандық жоғары оқу орындарының институционалды дамуы - 2020 жылға дейінгі көзқарас»

2018 жылдың 2 қарашасында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы «ЕЖББК мемлекеттерінің білім министрлерінің Париж конференциясының қорытындылары: қазақстандық жоғары оқу орындарының институционалды дамуы - 2020 жылға дейінгі көзқарас» тақырыбында семинар өткізеді.

2018 жылы 29 қазан күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту: тәжірибе мен перспективалар» атты республикалық конференцияға қатысты (Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ).

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы

«Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында білім алып жатқан студенттердің арасында

2018 жылғы 30-31 қазан күндері

«Мені шыңдаған Серпін»

Республикалық кәсіби шеберлік байқауын өткізеді

Страница 1 из 6

Біздің серіктестер

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 12
  • 11
  • 13
  • 14
© 2017 ҚР Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы. Барлық құқық қорғалған. https://arctika.kz
010000, ҚР, Астана қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр көш.,28, 4-ші кеңсе, 3-ші кіреберіс; Тел.:+7 (7172) 28-75-21; Факс: +7 (7172) 28-75-30

Please publish modules in offcanvas position.