Сіз осындасыз:Басты бет»Новости и события»2018 жылдың 27 қарашасында ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы «Жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз ету: тұжырымдық мәселелер және стратегиялар» тақырыбындағы Қазақстан ЖОО ректорлары кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты (Шымкент қ., М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті).
Сәрсенбі, 28 Қараша 2018 11:26

2018 жылдың 27 қарашасында ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы «Жоғары білім берудің сапасын қамтамасыз ету: тұжырымдық мәселелер және стратегиялар» тақырыбындағы Қазақстан ЖОО ректорлары кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысты (Шымкент қ., М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті).

 Кеңес жұмысына өзбек және қырғыз жоғары оқу орындарының өкілдері де шақырылып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Отырыс барысында Орталық қазақстандық ЖОО-да шетел азаматтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарды оқытуды көздейтін және мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын стипендиялық бағдарламаларға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларымен таныстырды. Стипендиялар бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламалары бойынша толық оқу кезеңіне немесе бір оқу жылына немесе бір академиялық кезеңге беріледі.

Сонымен қатар өзбек және қырғыз жоғары оқу орындарының өкілдерімен білім алушылармен академиялық алмасуды дамыту бойынша келіссөздер жүргізілді.

Прочитано 276 раз

Біздің серіктестер

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 10
  • 12
  • 11
  • 13
  • 14
© 2017 ҚР Білім және ғылым министрлігі Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы. Барлық құқық қорғалған. https://arctika.kz
010000, ҚР, Астана қ., Есіл ауданы, Қабанбай батыр көш.,28, 4-ші кеңсе, 3-ші кіреберіс; Тел.:+7 (7172) 28-75-21; Факс: +7 (7172) 28-75-30

Please publish modules in offcanvas position.