• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы

Image

Орталықтың тарихы

Болон орталығы және академиялық ұтқырлық орталығы – бұл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасының ЖБЕК және жоғары білімнің тағы да басқа кеңістігіні белсенді қатысуын қамтамасыз ететін ведомстволық бағынысты ұйымы.

ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ

Қазақстан Болон Декларациясына 2010 жылы қол қойды. Осылайша, Қазақстан Болон процесінің 47-ші қатысушысы және еуропалық білім беру кеңістігінің толыққанды мүшесі болып танылған, алғашқы Орталық-Азиялық мемлекет болды.

Қазақстанның Болон процесіне қосылуы еуропалық білімге қол жеткізудің кеңеюін, дәрежелер мен біліктіліктерді кәсіптік тануды, кредиттерді қайтадан тапсыру жүйесін (ECTS)  және дипломға қосымшаны енгізуді, білім сапасын қамтамасыз ету бағасын, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық ұтқырлықты жүзеге асыруларын, сонымен қатар үздіксіз білімді жүзеге асыруды меңзейді.

Бұл жағдайларды ескере отырып, 2012 жылы 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шаралар Жоспарының 171 тармағына сәйкес, ведомстволық бағынысты ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық Орталығы ШЖҚ РМК құру қарастырылды.Орталық қызметі Болон процесінің негізгі ережелерін жүзеге асыруды әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-аналитикалық қамтамасыз етуге бағытталған.

ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ ПРИНЦИПТЕРІ

Ғылымилығы және инновациялылығы – жаңа ғылыми жетістіктерді пайдалануға ұмтылыс, жаңа технологияларды, жаңа білімдерді және ақпаратты қолдануға тұрақты дайындық.

Жүйелілігі және тұтастығы – БП міндетті, ұсынбалы және факультативті параметрлерді, сонымен қатар қазақстандық жоғары білімнің мазмұнын жаңғырта отырып бірегейлікте құралдар мен механизмдерді кешенді жүзеге асыруды меңзейтін динамикалық және тұтас жүйе ретінде қарастыру.

Үздіксіздік – Оқыту нәтижелеріне негізделген бүкіл өмір бойына үздіксіз білім алуды қамтамасыз ету.

Әртараптандырылу – Қазақстанның жоғары мектебінің бәсекеге қабілеттілігінің артуына және сапасының жақсаруына бағытталған, білім беру қызметтерінің жаңа түрлерін меңгеру және атаулары санын арттыру.

Транспаренттілік – БП мәнмәтінінде Қазақстанның жоғары білімін жаңғырту туралы ақпараттың толықтай ашықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету
 

Автономдылық және академиялық еркіндік – білім берудің әрбір субъектісінің жеке жауапкершілігіне және демократиялық приницптерге негізделген шешімдерді қабылдаудың және басқарудың дербестігі және алқалығы.

Жоғары білімнің интернационалдандырылуы – халықаралық әріптестіктің және ұтқырлықтың ауқымының кеңеюімен шартталған, жоғары білімнің қол жетімділігімен, әмбебаптануымен, инновациялануымен сипатталатын білім беру саясатының маңызды құрамдас бөлігі.

Легитимділік – Барлық құқықтық нормаларды қатаң сақтау жағдайында, БО және АҰ орталығы қызметін жүзеге асыру