• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы

Image

Қазақстанның Болон процесінің Бақылау тобына (BFUG) қатысуы

Еуропалық жоғары білім кеңістігінің (ЕЖБК) құрылымы мен дамуының барлық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын жоғарғы орган Министрлер конференциясы болып табылады. Іс-шара әрбір 2-3 жылда министрлер конференциясын өткізудің келісілген кестесіне байланысты өткізіледі. Соңғы Министрлер конференциясы 2018 жылдың 24-25 мамырында Париж қаласында (Франция) өткізілді.

Министрлер конференциялары арасындағы кезеңде Болон процесінің Атқарушы құрылымы Болон процесінің Бақылау тобы (BFUG) болып табылады.

2018 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 30 маусымына дейін BFUG Хатшылығын Италия басқарады. Оның өкілеттілігіне BFUG тең төрағалары мен жұмыс құрылымдарын әкімшілік және оперативтік қолдауды қамтамасыз ету, Болон процесінің ішкі және сыртқы байланыс пункті ретінде болу, сонымен қатар ЕЖБК елдері Білім министрлерінің конференциясы мен Болон саяси форумын дайындау кіреді.  Сонымен бірге, BFUG міндеттеріне Болон процесін жүзеге асыру туралы ЕЖБК Баяндамасын дайындау кіреді.

ЕЖБК Баяндамасы – бұл Болон процесінің басты есептік құжаты.

Министрлер конференциялары арасында BFUG пен оның құрылымдарының жұмысы үшін (Болон Хатшылығы, Кеңес, Тақырыптық топтар, Жұмыс тобы (ЖТ), Кеңес беру топтары (КТ) және Үйлестіру топтары (ҮТ)  негізгі ұйымдастыру кезеңдері мен қызметті басқару принциптері белгіленген Процессуалдық құжат (BFUG Proceedings) жасалады.

  •  BFUG мүшелігі

- толық құқықты қатысушылар - 48 ел және Еуропалық Комиссия.
ЕЖБК мүшесі болу үшін, ел Еуропалық мәдени конвенцияға қол қоюы және өзінің жоғары білім беру жүйесінде Болон процесінің мақсаттарын жүзеге асыруға қатысты өз ниетін жария етуі керек.

- кеңес беру қатысушылары – дауыс беру құқығынсыз 8 халықаралық ұйым.
Оларға Еуропа Кеңесі, ЮНЕСКО, Еуропалық университеттердің қауымдастығы (EUA), Еуропалық жоғары оқу орындарының қауымдастығы (EURASHE), Еуропалық студенттердің кеңесі (ESU), Еуропалық Жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі қауымдастық (ENQA), Education International және BUSINESSEUROPE жатады.

- серіктестер – Болон процесімен байланысты болғысы келетін, бірақ кеңес беру қатысушылар тізіміне енгізілмеген 4 ұйым. Олардың қатарында Еуропалық Халықаралық білім берудің қауымдастығы (EAIE), Еуропалық кәсіби және басқару   қызметкерлерінің кеңесі  (EUROCADRES) Eurodoc, Еуропалық Ғылым мен технологияны жылжыту жөніндегі қауымдастық (Euroscience) бар. Олар қалаулары бойынша BFUG іс-шаралары және ЖТ мен ҮТ кездесулеріне қатысады. Eurostat, Eurostudent немесе Eurydice сияқты техникалық мамандар нақты сұраныс бойынша шақырылуы мүмкін.

  • Жұмыс және кеңес беру топтары

Қазіргі уақытта құрамына 3 сараптамалық топтары (Thematic Peer Groups), 1 жұмыс тобы (Working Group), 2 кеңес беру топтары  (Advisory Groups) және 1 үйлестіру тобы (Coordination Group) кіретін жұмыс құрылымы бекітілген.

Сараптамалық топтар (Thematic Peer Groups):

  • 1 СТ  – Біліктілік шеңбері;
  • 2 СТ – Тану туралы Лиссабон конвенциясын сақтау;
  • 3 СТ – Сапаны қамтамасыз ету.

Кеңес беру топтары (Advisory Groups):

  • 1 КТ – Әлеуметтік өлшеу;
  • 2 КТ– Оқу мен оқыту.

Үйлестіру тобы (Coordination Group):

  • 1 ҮТ – Жаһандық диалог.

Жұмыс тобы (Working Group):

  • 1 ЖТ – Болон процесінің параметрлерін жүзеге асыру мониторингі.

Жұмыс құрылымдарына қатысу үшін әрбір ел BFUG Хатшылығына сұраныс жібереді.

  • BFUG Хатшылығы

2018 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 30 маусымы аралығында BFUG Хатшылығын Италия басқарады. Хатшылық жақын арада министрлердің кеңесі өткізілетін елдегі Білім министрлігінің 3 қызметкерінен тұрады, Топтар мен Кеңестердің қызметін қамтамасыз ете отырып, ұйымдастыру және техникалық жұмыстарды жүзеге асырады.

  • BFUG Кеңесі

BFUG Кеңесі BFUG отырыстарын дайындау кезінде төрағалар мен Хатшылық үшін кеңес беру комитеті болып табылады. Кеңес, сонымен қатар, жұмыс, кеңес беру және сараптамалық топтармен байланыс жасайды.

Қазіргі уақытта Кеңес мүшелері:

  • BFUG тең төрағалары (бұрынғы, ағымдағы, болашақ);
  • BFUG вице-төрағасы;
  • Еуропалық комиссия;
  • 4 кеңес беру қатысушы (Еуропа кеңесі, EUA, ESU, EURASHE).

Кеңес BFUG отырысына дейін тең төраға елдердің бірінде жиналады, Кеңес аясында BFUG отырысына дайындық жүргізіледі.

  • BFUG төрағалық ету

BFUG вице-төрағасы келесі ЕЖБК министрлер конференциясы өткізілетін ел болып табылады (қазіргі кезде - Италия).

Тең төрағалар ЕО төрағалық етуші ел және ЕО мүшесі болып табылмайтын ел болады.

BFUG отырыстарының белгіленген кестесі бар:

  • 2018 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін – Австрия мен Швейцария;
  • 2019 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымына дейін  – Румыния және Солтүстік Македония;
  • 2019 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін  – Финляндия және Түркия;
  • 2020 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусымына дейін – Хорватия мен Украина.

Тең төрағалар - елдер Болон декларациясы мен келесі коммюникелерде жоғары білімге жауапты министрлер баяндаған мақсаттарды алға қарай жылжытуға жауапты болады, сонымен қатар ЕЖБК мүдделеріне еуропалық және халықаралық кездесулерде бірлесе өкілдік етеді.