• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы

Image

Білім беру бағдарламаларының сарапшыларына арналған семинар

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы 2019 жылғы 29 наурызда М.С.Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің базасында «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын тізілімге енгізу үшін білім беру бағдарламаларының паспортына сараптама жасау» тақырыбында білім беру бағдарламалары сарапшыларының қатысуымен оқыту семинарын өткізеді.

Семинар барысында білім беру бағдарламаларын дайындауда оқыту нәтижелерін жобалау және білім беру бағдарламалары төлқұжатын бағалау әдістемесі бойынша оқыту ұйымдастырылады.

Семинар модераторлары:
С.Өмірбаев, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры;
А.Құлтуманова, ҚР БҒМ Болон процессі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры;
А.Нұрмағамбетов, директордың кеңесшісі;
А.Мұқатаев, директордың орынбасары.

Әдіснама және сапаны қамтамасыз ету басқармасы
Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы