• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы

Image

"Еуропалық университеттік желілер аясында аралас және онлайн-білім беру» ашық және икемді жоғары білім беру, онлайн бойынша конференция

2019 жылғы 16-18 қазанда  Мадрид қаласында (Испания) "Еуропалық университеттік желілер аясында аралас және онлайн-білім беру" тақырыбында OOFHEC 2019 конференциясы өтеді.

OOFHEC 2019 конференциясы әлемдік және еуропалық жоғары білім беруге ықпал ететін үрдістер мен жоғары факторларға арналады.

Конференцияның пленарлық бөлімінде институционалдық және саяси деңгейде жоғары білім беру саласындағы мәселелерді баяндайтын баяндамалар ұсынылады.

Пленарлық мәжілістің бағыттары:

- аралас және онлайн оқыту;

- үздіксіз білім беру мен ЖАОК-тарға арналған микрокредиттер;

- еуропалық университеттік желілер, интернационализация және виртуалды ұтқырлық;

- боттарды оқыту;

- тең мүмкіндіктер мен инклюзия.

Конференцияның практикалық бөлігі OOFHEC 2019 сессиялары және семинарларымен қатар өткізілетін болады, төмендегідей тақырыптар бойынша өзекті мәселелер талқыланатын болады:

- оқыту мен оқудағы жасанды интеллект;

- онлайн және қашықтықтан білім беруді қолдау;

- қысқа мерзімді білім беру бағдарламалары мен ЖАОК-ты бағалау және тану;

- гендерлік теңдік;

- Еуропалық университеттік желілер және OpenU Хаб;

- еңбек нарығына арналған ЖАОК;

- аралас және онлайн оқыту;

- онлайн білім беруді аккредиттеу;

- аралас және онлайн білім беру сапасын қамтамасыз ету;

- қысқа мерзімді білім беру бағдарламалары;

- ашық білім беру және ЖАОК, ЖАОК еуропалық консорциумы;

- инклюзивтілік және қол жетімділік;

- желілік оқу бағдарламалары және виртуалды ұтқырлық;

- білім беру ортасының өзгеруі: мұғалімдер үшін жаңа құзыреттіліктер.

Конференция қатысушыларға жүргізіліп жатқан зерттеулер мен инновациялар туралы баяндамалар жасауға, жоғары білімді жаңғырту тақырыбын талқылауға, жұмыс кеңестері мен семинарларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Конференцияға қатысу туралы толық ақпарат сайтта жарияланған:https://conference.eadtu.eu/