• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы

Image

Топ-менеджерлерді тарту туралы

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасында жоғары оқу орындарының басқарушылық қызметіне шетелдік топ-менеджерлерді тарту бойынша жыл сайынғы бағдарлама іске асырылады. Егер Сіз басшы ретіндегі өзіңіздің тәжірибеңізбен бөліскіңіз келсе және  Қазақстанның жоғары білімінің дамуына үлес қосқыңыз келсе өтінімді толтыруыңызды сұраймыз (сілтеме).

Үміткерлерге арналған критерийлер:

  • MSc немесе MBA немесе MA дәрежесінің болуы (ғылым жөніндегі проректор лауазымына PhD дәрежесі қажет)
  • Топ-менеджер ретінде әлемдік ЖОО-да немесе білім беру ұйымдарындағы 5 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы (факультет басшысы немесе департамент директорынан төмен емес)
  • Стратегиялық жоспарлау, ЖОО-ны институционалдық дамыту, аккредиттеу рәсімінен өту, білім беруді интернациоландыру, білім беру бағдарламаларын әзірлеу жұмыстары бойынша тәжірибесінің болуы
  • ҚР ЖОО-да жұмыс істеу кезеңі кемінде 10 ай