• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы

Image

Қазақстанның ЖОО-ның дайындық бөлімдерінде білім алу

Құрметті үміткерлер,

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғаларын біздің елдің ЖОО-ның дайындық бөлімдерінде және Қазақстан Республикасының азаматтарын тілдік курстарда білім алуға шақырады.

Грант саны:

Диаспора - 1 300

Тілдік курстар - 200

 

Коронавирус пандемияcына байланысты дайындық бөлімдеріне түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін құжаттар онлайн режимінде ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының веб-сайты арқылы қабылданады.

  • Үміткерлер құжаттарды онлайн түрде сайтында 2020 жылдың 5 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін тапсыра алады.
  • Құжаттарды тапсыруға арналған қадамдық нұсқаулық

 

  • Қажетті құжаттар:

1. еркін түрде жазылған қабылдау туралы өтініш;

2. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3. жалпы орта (орта жалпы), бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (ортадан кейінгі) білім туралы құжаттың түпнұсқасы мен оған қосымшаның көшірмесі (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде);

4. 086-У формасындағы электрондық форматтағы медициналық анықтама (бар болған жағдайда).

 

Қажетті ақпаратты https://enic-kazakhstan.kz/ сайтында табуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон және пошта арқылы хабарласуға болады:

Тел.: +7 (7172) 28 75 26

E-mail: admission@n-k.kz