• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы

Image

«Ғаламдық аймақта: Қазақстан Болон процесі және ЕС жобаларында» халықаралық онлайн форумы

2020 жылы Қазақстанның Болон процесіне қадам басқанына 10 жыл толады. Бұл Қазақстанның жоғары білімі үшін маңызды және тарихи оқиға.

Осыған орай, 2020 жылдың 20-21 қазанында Қазақстанның Болон процесіне қатысуының 10 жылдығына және ЕО Темпус және Эразмус+ бағдарламаларына қатысуының 25 жылдығына арналған халықаралық онлайн форум өтеді. 

Іс-шараға академиялық элита өкілдері, университеттер мен әлемге әйгілі қауымдастықтардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, еуропалық сарапшылар, оның ішінде Еуропалық Комиссияның, Еуропалық Кеңестің, Болон процесі хатшылығының (BFUG) өкілдері қатысады.