• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы

Image

ЕЖБК елдері білім министрлерінің конференциясы

2020 жылы 19 қарашада Еуропалық жоғары білім кеңістігінің (EHEA) мүшелерінің білім министрлерінің конференциясы өтеді. Ұйымдастырушысы - Италияның Жоғары білім және ғылыми зерттеу министрлігі.

Конференцияға 48 жоғары білім министрі, Еуропа Кеңесі, Еуропалық Комиссия, ЮНЕСКО, EURASHE (Еуропалық жоғары оқу орындарының қауымдастығы), ESU (Еуропалық студенттер одағы), EUA (Еуропалық университеттер қауымдастығы), EQAR (Жоғары білім берудің сапа кепілдігі агенттіктерінің Еуропалық тізілімі) және басқалар қатысады.

Қазақстан атынан білім және ғылым министрі А.Қ.Аймағамбетов бастаған делегация қатысады.

Еуропалық жоғары білім беру көшбасшылары ЕЖБК шеңберіндегі жетістіктерді бағалау үшін 2-3 жыл сайын бас қосады. COVID-19 пандемиясының қазіргі жағдайына байланысты кездесу бірінші рет онлайн форматта өтеді. Іс-шараның тікелей трансляциясы https://ehea2020rome.it сілтемесі арқылы барлық тыңдармандарға қол жетімді болады.