• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы

Image

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының сарапшыларына іріктеу жүргізілуде

"Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тізілімі" ақпараттық жүйесінің операторы Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының сарапшыларын іріктеуді жүргізеді.

Критерийлерге сәйкес келетін (ББ тізілімі жөніндегі Ереженің 43-т.) білім берудің 12 саласы бойынша білім беру бағдарламалары сарапшыларының жауапты, адал үміткерлері өтінімді жібере алады, Excel (1-қосымша) және Word (2-қосымша) нысандарында толтырады.

Басшының қолы қойылған өтінімді reestr@n-k.kz электронды поштаға 2021 жылдың 25 ақпанынан кешіктірмей жіберуді сұраймыз.