• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы

Image

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнайы «Қазақстан жаһандық әлемде: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары» атты ашық республикалық ғылыми мақалалар байқауын өткізетіндігін жариялайды.

Конкурс 2021 жылғы 15 наурыздан 30 маусымға дейін өткізіледі.    

Конкурсқа қатысуға қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттары шақырылады. 

 Конкурс келесі бағыттарға негізделген:

  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының  стратегиялық бастамаларын қазіргі заманғы ұлттық және жаһандық сын-қатерлер мен трансформациялар тұрғысынан қайта ойластыру;
  • мемлекеттік басқару органдары мен сарапшылар қауымдастығы үшін практикалық ұсыныстар әзірлеу;
  • ғылыми жарияланымдар мен зерттеулердің сапалық деңгейін арттыру;
  • қазақстандық ғылыми орта мен ғылыми пікірлерді қалыптастыру және дамыту.

Толығырақ: https://presidentlibrary.kz/kk/news/kazakstan-respublikasy-tuelsizdiginin-30-zhyldygyna-baylanysty