• Icon+7 (7172) 28-75-21
IconЖеке кабинет
Image

ENIC-KAZAKHSTAN

Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы

Image

Перечень необходимых документов для получения дубликата

Тегі, аты немесе әкесінің аты (бар болған жағдайда) өзгерген, жоғалған, білім туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау куәлігі бүлінген жағдайда, тану және (немесе) нострификациялау туралы куәлігінің дубликаты беріледі (әрі қарай – дубликат).

 

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫ ДУБЛИКАТ АЛУ ҮШІН "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ФИЛИАЛЫ – «Халыққа қызмет көрсету орталығына» келесі құжаттарды тапсырады:

 

1) Дубликат беру туралы өтініші;

2) Бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты.  Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаты (қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен);

3) Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған аудармасымен) және тану және (немесе) нострификациялау туралы куәлік түпнұсқасы

4) Төлем туралы түбіртек.